Меню KDT
МЕНЮ
| |
05 Июн 2020 23:01
logo.jpg?_=1577596589

Күйші Дина 6

Алматинский район

Школа-лицей N 50 "Қазғарыш" имени Райымбек батыра

№50 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

 

                         Мектеп психологы


   


Ата - аналарға жаднама

1-сынып оқушыларының Ата-аналарына «Жан жылуы – жүректе» атты тренинг 


РАЙЫМБЕК БАТЫР АТЫНДАҒЫ №50 «ҚАЗҒАРЫШ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ПСИХОЛОГТАРЫНЫҢ
 ЖҰМЫС ЕСЕБІ

Жұмыс мақсаты:Оқу үрдісі барысында оқушыларға психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.

Міндеттері:

-       Оқу-тәрбие барысында тұлғаның дамуын қалыптастыру.

-        Оқушының әрбір жас аралығында тұлғааралық, интеллектуалды және профессионалды дамуын қамтамасыз ету;

-        Әр балаға тиісті жеке түрдегі жұмысты қамтамасыз ету;

-        Оқушының интеллектуалды және тұлғалық дамуының ауытқуын  психологиялық-педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу;

-        Балаларды тәрбиелеуде туындайтын қиыншылықтар және отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру;

-       1-ші, 5-ші және 10-шы сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу.

 

Психологтың жұмысы төмендегідей бағытта жүргізіледі:

І.  Психодиагностика

ІІ. Психокоррекция

ІІІ.Психологиялық кеңес беру

ІV.Психологиялық ағарту

Жоспар бойынша психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізілді:

 

         Балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы

          2015-2016 оқу жылында 1-сыныпқа 199 бала қабылданды. Йирасек-Керн тесті, сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы бірінші сыныпқа келген балалардың логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін, тіл байлығын, интеллект деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық зерттеу жұмысы жүргізілді.

Нәтижесі:


 

Нәтижесінде 1-сыныптар бойынша   жоғары деңгей – 20%-ды, орта деңгей - 77%-ды, ал төмен деңгей - 3%-ды  көрсетті. Биылғы оқу жылындағы келген  балалардың жалпы мектепке дайындық деңгейі орташа.

         Алынған нәтижеге байланысты мұғалімдер мен ата-аналарға мынадай ұсыныстар берілді:

Ұсыныстар:

         Сынып жетекшілеріне:

  • Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізу.
  • Қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырып, дамыту мақсатында суреттер арқылы әңгіме жүргізу.

Ата-аналарға:

  • Баланың мектеп өміріне бейімделуіне психологиялық жағынан дұрыс қолдау көрсету.
  • Отбасында балалармен мүмкіндігінше қазақ тілінде сөйлесіп, олардың тілді жеңіл меңгеруіне жағдай жасау.
  • Үйде балалалардың қол моторикасын дамытуға көңіл бөліп, зейінді бағытты ұстауына көмектесу.

       Мектеп ортасына бейімделу

1-сынып оқушыларының бейімделуі.

Биылғы оқу жылындағы бірінші сыныпқа қабылданған балалардың  оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін анықтау мақсатында қыркүйек айында зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Оқушылардың  жаңа ортаға бейімделуі бақылау әдісі арқылы өтті.

Қорытынды:  Оқушылардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін бақылау барысында анықталғанымұғалімдер оқыту процесінде әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасайды. Әр баламен жеке қарым-қатынас жасауға тырысады. Сондай-ақ, бірқатар мұғалімдер балалардың сыныпта еркін отыруына ықпал туғызады. Бұл әрекеттер балалардың бойында мектеп тәртібін қалыптастыруда біршама қиындықтар туындатуы мүмкін. Жалпы  психологиялық қызметтің бақылауы бойынша, 1-сынып  оқушыларының  мектеп өміріне  бейімделуі бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр.

Ұсыныс:

  • Ойын арқылы оқушылардың сабақққа деген қызығушылықтары мен белсенділігін ояту.
  • Оқушылардың мектепішілік тәртіп нормаларын ұстануын қадағалау.
  • Гиперактивті балаларға қосымша тапсырма беру.

Жаңадан келген оқушылардың бейімделуі.

Қыркүйек айында мектебімізге жаңадан келген оқушылармен диагностикалық жұмыс жүргізілді. Мақсаты – жаңадан келген оқушылардың жаңа жағдайға бейімделуін анықтау, туындаған қажеттілікке қарай психологиялық қолдау көрсету. 5-11 сынып аралығында жаңадан келген оқушылармен сауалнама жүргізілді.

Қорытынды:  жалпы 5-11 сынып аралығында 67 жаңадан келген оқушы бар.  Оқушылардың басым бөлігі жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастаған. Бойларында қорқыныш сезімі бар, сондай-ақ сыныптастарымен қарым-қатынаста қиындық туындап жүрген бірнеше оқушы анықталды. Сынып жетекшілеріне бұл туралы ескертіліп, оқушының жағдайына байланысты мәлімет берілді, ол оқушыларды  әрі қарай бақылау жалғастырылады. Қалған оқушылардың барлығы өз сыныптарына бейімделген. Оқушылардың барлығының жаңа достары бар, сынып жетекшілеріне көңілдері толады. Жалпы мектепке жаңадан келген  оқушылар жаңа ортаға бейімделген.

Ұсыныс:

-         Сынып жетекшілері жаңадан келген оқушылармен жұмысты әрі қарай жандандырып, олардың сынып ұжымына толық қалыптасып кетуіне жағдай жасауды жалғастыру.

-         Сынып оқушыларымен қарым-қатынаста қиындық туындап жүрген оқушыны ескере отырып, қыздар арасында әңгіме жүргізіп, оқушыларды өзара ұйымшылдыққа баулу. 

 

10-сынып оқушыларының бейімделуі.

Оқу жылының қыркүйек айында  10-сынып оқушыларының бейімделуіне Сишордың «Топтың тұтастығы» тесті арқылы зерттеу жұмысы жүргізілді.

Мақсаты:  оқушылар ұжымының тығыз топтасуын, 10-сыныпқа бейімделу жағдайын анықтау.

Нәтиже:

                        Сынып

Индексі

10 «А» 

15,5

10 «Ә»

16

10 «Б»

14,5

Алынған сауалнама нәтижесі бойынша 10 «А» сыныбында ұжымның тығыз топтасуының индексі 15,5 ұпайды, яғни топтың тұтастығы орташадан жоғары,  10 «Ә» сыныбында 16 ұпай, топтың тығыздығы жоғары. Ал 10 «Б» сыныбында топтың тығыз тұтастығының индексі 14,5 ұпайды көрсетті. Яғни ұжым мүшелерінің сыныпқа, сыныптастарына бейімделуі жақсы деңгейде екендігін көруге болады.  

Ұсыныстар:

  • Оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында іс-шаралар, сынып сағаттарын өткізу, мәдениет орындарына сыныппен бару.
  • Оқушылардың сыныпқа тез бейімделуіне ықпал ету негізінде, пән мұғалімдері тарапынан оқушылармен эмоционалды жағымды қарым-қатынас орнату.
  • Оқушылардың психологиялық денсаулығын қадағалап отыру.

 

        Бастауыш сыныптан орта буынға өту

Бастауыш сыныптан орта буынға өту кейбір оқушыларда көптеген себептерге байланысты әр түрлі мәселелер туындатуы мүмкін (бір мұғалімнің бірнеше мұғаліммен ауысуы, жаңа мұғалімдердің пайда болуы, жаңа пәндер, әр мұғалім өзінің талаптары мен ережелерін қояды, өзге де талаптар және т.б.). Бұл білім деңгейіне, оқушылардың өзіндік психологиялық көңіл-күйіне және тұлғалық қарым-қатынасына әсер етеді. Біздің тарапымыздан жүргізілген психологиялық жұмыс түрі оқушылардың 5-сыныпқа бейімделуі, мектеппен байланысты мазасыздануын анықтауға бағытталды.

2015 жылдың 12-24 қазан аралығында 5-сынып оқушыларымен төмендегідей бағытта жұмыс жүргізілді:

  • Оқушылардың сабақта және үзіліс уақытындағы іс-әрекетін бақылау.
  • Филипс «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау» тесті
  • Н.Лусканова  «Мектептегі мотивация деңгейін анықтау» сауалнамасы
  • «Оқуға қарым-қатынас» сауалнамасы

5-сыныптарда барлығы 151 оқушы бар.

5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, үзіліс уақыттарындағы

іс-әрекеттері бақыланды. Оқушылардың басым бөлігі  өздерін сабақта еркін сезіне біледі, мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы.

Орта буын оқушыларының бейімделуіндегі мазасыздану деңгейін анықтау  мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысы  (Филипстің “Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау” тесті)

Факторлар

5«А»

5«Ә»

5«Б»

5«В»

5«Г»

5«Д»

Қорытынды

1

Мектепішілік жалпы мазасыздану

48%

32%

40%

17%

13%

26%

29%

2

Әлеуметтік қобалжу

13%

20%

8%

-

13%

5%

10%

3

Жетістікке жетудегі кедергілер

4%

8%

12%

4%

8%

-

6%

4

Баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы

43%

48%

48%

29%

38%

32%

40%

5

Баланың өзін-өзі бағалауы

35%

32%

36%

21%

8%

37%

28%

6

Айналадағы адамдардың үмітін ақтай алмаудан қорқу

22%

12%

28%

13%

21%

37%

22%

7

Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

35%

20%

24%

-

17%

21%

19%

8

Мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныш сезімі

35%

8%

32%

17%

21%

10%

21%


Қорытынды: жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде 5-сынып оқушыларының 20%-ның бойынан мазасыздық белгілері анықталды. Бұл оқушылардың бойында көбіне төмендегі факторлар бойынша мазасыздық белгілері байқалады.

- Баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы – оқып, біліп алған нәрселерін тақтаның алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, мазасыздануы. Білген, оқып үйренген нәрсесін көрсетуге шамасы келмей қалатындығы.

- Мектепішілік жалпы мазасыздану – баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады. Олар: мұғалімдермен тіл табысу, сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болатындардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй-жағдайы.

- Баланың өзін-өзі бағалауы – басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен байланысты оң эмоциялары немесе олақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күйзеліс жағдайлары, осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі.

- Айналадағы адамдардың үмітін ақтай алмаудан қорқу – ата-анасының алдында жауапкершілікті сезіну, оларды ренжітпеу керекпін деген ойы, төмен баға алам деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі. Осы сезімге байланысты қажетті жерде іскерлігі бола тұра, оны көрсетуге шамасы келмей қалуы.  

-Мұғалімдермен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныш сезімі-мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланысты мәселелер, мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым-қатынас жасауының қалыптаспауына байланысты мектептің балада теріс эмоция туғызуы.

Оқушылардың 80%-ның бойынан мазасыздану белгілері байқалған жоқ. Яғни оқушылардың жаңа ортаға, мұғалімдер мен жаңа пәндерге толық бейімделгендігін көруге болады.

Ұсыныстар:

  • Сынып жетекшілері күнделікті балаларды бақылау және бастауыш сынып жетекшісімен тығыз қарым-қатынас жасап, оқушылардың жеке бас ерекшеліктері туралы мәлімет алу.
  •  Ата-аналармен  тығыз қарым-қатынас  орнату және оларға балада орта буынға бейімделуіне байланысты біршама өзгерістер болуын ескерте отырып, жоғары бағаны талап етпеу керектігін түсіндіру, қажетті ұсыныстар беру.
  • Пән мұғалімдері жоғарыда аталған оқушыларды ескере отырып, балада орта буынның бірінші айларында «бейімделу» мәселесі болатындығына байланысты, оның іс-әрекеттері мен  өзін ұстауына түсіністікпен қарау.

Оқушылардың мектепке деген мотивациясын, сыныптастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынасын және  сабаққа қызығушылық деңгейін  анықтау мақсатында Н.Лусканованың  «Мектептегі мотивация деңгейін анықтау» сауалнамасы жүргізілді.

Қорытынды мониторинг:



5-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың мектепке деген мотивация деңгейі анықталды. Мотивация деңгейі өте жоғары оқушылар 15%-ды, мотивациясы жоғары оқушылар 36%-ды, мотивация деңгейі орта оқушылар 33%-ды, мотивациясы төмен оқушылар 14%-ды және мотивация деңгейі өте төмен оқушылар 2%-ды көрсетті.

         Ұсыныстар:

  • Пән мұғалімдері жоғарыда аталған оқушыларды ескерген түрде балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
  • Сынып жетекшілері балалардың мектепке деген қызығушылығын  ояту мақсатында сынып сағаттарының өткізілуін жандандырып отыру.

 

         Оқушылардың оқуға, жаңа пәндерге, пән мұғалімдеріне деген көзқарасын және қызығушылықтарын анықтау мақсатында «Оқуға қарым-қатынас» сауалнамасы жүргізілді.

сұрақтар

жауаптар

1

Саған 5-сыныпта оқу ұнай ма?

Иә-100%

2

Қандай пәндер саған ұнайды?

Барлығы-52%                     ағылшын-14%

қазақ тілі-19%                    дене шынықтыру-16%

математика-32%                технология-13%

әдебиет-23%                       тарих-9%

3

Себебі...

Қызықты-90%

Мұғалім жақсы түсіндіреді-4%

Түсінікті және пайдалы-6%

4

Қандай пәндер ұнамайды?

Ұнамайтын пәндер жоқ-60%

Тарих-14%                        дене шынықтыру-7%

Қазақ тілі-11%                 жаратылыстану-6%

Бейнелеу-7%

5

Себебі...

Қиын-6%

Мұғалімдер тым қатал-16%

Қызықты емес-4%

Түсінбеймін-4%

6

Пән мұғалімдерімен қарым-қатынасың қандай?

Жақсы-95%

Орташа-6%

7

Сынып жетекшіге ризасың ба?

Иә-100%

8

Қандай ұсыныстарың бар?

тегін  тамақ берілсе-4% (5в)

-сыныпта шкаф және мектеп автобусы болса-1

-мұғалімдер тым қатал болмаса-4% (5д)

-барлық оқушылармен дос болғым келеді-1 (Мырзағалиев Ислам 5ә)

-тарих пен қазақ тілі мұғалімі кішкене жұмсақ қарым-қатынас жасаса-1 (5б)

-мұғалімдер көп өмір сүрсін-1

 

Ұсыныстар:

  • Оқушылардың даму деңгейі, қабылдауы әр түрлі болғандықтан олардың мүмкіндіктерін ескере отырып талап қою.
  • Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарының төмендеуіне байланысты, жаңа әрі қызықты технологияларды пайдалану.
  • Оқушылармен  ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас орнатуға тырысу.

Қорытындылай келе, оқушылардың оқу процесіне белсене қатысып, оған деген қызығушылықтарының арта түскенін, өз-өзіне деген сенімділік қасиеттерін байқай аламыз. Мұғалімдер тарапынан берліген оқу ақпараттарын оңай қабылдап, сынып ұжымында өздерін еркін ұстай алу қабілеттерін атап өткен жөн. Яғни, оқушылардың орта буынға бейімделуі орта деңгейде деп есептеуге болады.

            

        Мамандық таңдау

9, 11-сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауда көмектесу мақсатында олардың қызығушылықтары мен қабілетін анықтай отырып тиімді кеңестер беру үшін  диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген зерттеу әдістері:

  • А.Е. Голомшток әдістемесі
  • Е.А.Климовтың «Даралап диагностикалау» сауалнамасы
  • Л.Йовайши мамандыққа икемділік сауалнамасы

Қазан айында 9-сынып оқушыларымен А.Е.Голомшток

«Қызығушылықтар картасы» бойынша диагностикалық жұмыс

жүргізілді.  Мақсаты: кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру барысында оқушылардың мамандық салаларына қызығушылығын, қабілетін анықтау. 9-сыныптар бойынша барлығы 157 оқушы.

         Нәтижесі:

Қызмет аясы

Қызығушылығы  айқын көрінген оқушылар

1

Биология

11%

2

География

13%

3

Геология

6%

4

Медицина

20%

5

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

4%

6

Физика

9%

7

Химия

7%

8

Техника

21%

9

Электрорадиотехника

8%

10

Металл өңдеу

4%

11

Ағаш өңдеу

6%

12

Құрылыс

5%

13

Көлік

8%

14

Авиация

8%

15

Әскери мамандықтар

21%

16

Тарих

17%

17

Әдебиет

12%

18

Журналистика

8%

19

Қоғамдық қызмет

2%

20

Педагогика

12%

21

Құқық, заң

15%

22

Қызмет көрсету саласы, сауда

13%

23

Математика

10%

24

Экономика

3%

25

Шет тілі

41%

26

Бейнелеу өнері

6%

27

Сахна өнері

13%

28

Музыка

13%

29

Дене шынықтыру және спорт

34%

Жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде оқушылардың қандай да бір мамандыққа деген қызығушылықтарының аясы анықталды. Биылғы 9-сынып оқушыларының басым бөлігінің шет тілі, дене шынықтыру және спорт, техника, медицина және әскери мамандықтарға қызығушылықтарының жоғары екендіктері байқалады. Сонымен бірге, мамандықтың ешбір түріне қызығушылығы байқалмаған 5 оқушы анықталды. Яғни, бұл нәтиже алдағы уақытта сынып жетекшілері тарапынан оқушылармен мамандық таңдауға байланысты ағарту жұмыстарын жүргізу қажет екендігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының нәтижелері сынып жетекшісі мен оқушыларға таныстырылып, олармен мамандық түрлеріне байланысты әңгіме жүргізілді.

Ұсыныс:

  • Сынып жетекшілері оқушыларға бағыт беру мақсатында қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды алға тарта отырып, ағарту жұмыстарын жүргізу.
  • Қорытынды нәтижені ескере отырып ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы оқушыларға қажетті және дұрыс мамандық таңдай білуге көмектесу жолдарын ұсыныс ретінде жеткізу.
  • Әлі күнге белгілі-бір тоқтамға келмеген оқушылармен ата-аналарына ескерте отырып, қажетті көмек көрсету.

 

Жыл бойына сұраныс бойынша келген ата-аналар, оқушылар және  мұғалімдер журналға тіркеліп, ол бойынша кездесу күндері белгіленіп,  кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырды.

№50 мектеп-лицейінің психологиялық қызметінің 2015-2016 оқу жылына арналып  жоспарланған жұмыстары толық орындалды деп есептеуге болады.

Жыл көлемінде өтпелі кезең оқушыларымен жұмыс барысында бірқатар қиындықтар туындады, себебі бұл жас кезеңінде жеткіншектердің мұғалімдермен, ата-аналармен тіл табысуында, өзара түсінісуде біршама ауыртпашылықтар кездеседі.  

 

Келесі оқу жылына біздің психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:

  1. Жаңа оқу жылына жоспар мазмұнын жетілдіру.
  2. Өзіндік білімін жетілдіру жұмыстарын әрі қарай жандандыру мақсатында әр түрлі психологиялық сайыстарға қатысу.
  3. Түзету-дамыту жұмыстарына арналған бағдарламалар жоспарын жетілдіру.
  4. Мұғалімдермен, ата-аналармен және оқушылармен жүргізілетін ағартушылық жұмыстар мазмұнын толықтыру.
  5. Психолог кабинетін қажетті құрал-жабдықтармен, әдістемелік,  үлестірмелі материалдармен толықтыру.

 

 



Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

04.09.2019

Подробнее

Сұрақ-жауап