Меню KDT
МЕНЮ
| |
05 Июн 2020 22:17
logo.jpg?_=1577596589

Күйші Дина 6

Алматинский район

Школа-лицей N 50 "Қазғарыш" имени Райымбек батыра

№50 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!


Мектеп формасына қойылатын талаптар

Құрметті ата-аналар!

Төменде Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар туралы ақпарат берілген.

1. Мектеп формасының түсі - қара-көк (Астана қаласы бойынша)

2. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы қажет.

3.Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

4. Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, ақ жейде). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден болу керек.

5. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

6. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады.

7. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

8. Мектеп формасының матасы ретінде сапасы жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің қыртыстануын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады.

Сіз қалауыңыз бойынша форма жеткізушісін таңдай аласыздар. Бастысы - Сіз алған мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.

 

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының хаты негізінде ұсынылған

1
 

32
3
4
5
6

7
8
 

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

04.09.2019

Подробнее

Сұрақ-жауап