Меню KDT
МЕНЮ
| |
05 Июн 2020 20:51
logo.jpg?_=1577596589

Күйші Дина 6

Алматинский район

Школа-лицей N 50 "Қазғарыш" имени Райымбек батыра

№50 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының

ЕСЕБІ

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 2017-2022 жылдарға арналған  тақырыбы – Көшбасшылық – мектептің кемел болашағы»

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияны жүйелі қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы.

Мақсаты:

1. 2018-2019 оқу жылында білім сапасын 74,2 % жеткізу
2. Білім беру мазмұнын жаңарту курсынан, ағылшын тілі курсына 1 мұғалімді қатыстыру (Ә. Сейдібаева)
3. "Мәңгілік ел" құндылықтарын енгізу арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімді арттыру, көшбасшылыққа тәрбиелеу

Міндеттері:

      -   Директордың орынбасарларына - Профицитті жою бойынша оқушылар

          санын 1900 – ге жеткізу;

      -   Сыртқы байланыс жұмысын күшейту (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚР

          Радиоспорт және радиоәуесқойлық федерациясы, «Ғарыш сапары» орталығы,      

           Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы №690 мектеп және

          Ленинград облысы Кировск қаласындағы Кеңес одағының батыры Сұлтан         

          Баймағамбетов атындағы гимназия).

      - Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне -  «Назарбаев зияткерлік

           мектептері» ДББҰ-ның іс-тәжірибесін оқу-тәрбие процесіне енгізу жұмысын

           жалғастыру;

-          6-7 сынып жетекшілері -  «Шаңырақ» жобасының жүйелі жүргізілуіне ерекше көңіл бөлу;

-          Барлық пән мұғалімдеріне – Сабақты зерттеу LS жұмысын жандандыру, іс-тәжірибе тарату жұмысын күшейту

         - Барлық пән мұғалімдеріне - Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру  

           мақсатында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды  

           психологиялық- педагогикалық қолдау жұмысын күшейту;

        -   Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиаданың қалалық және 

            республикалық кезеңдеріне оқушыларды дайындау жұмысын  жалғастыру;

-          Информатика пәні мұғалімдеріне – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын күшейту;

-          1,2,3, 5,6,7,8 - сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне – қалыптастырушы және жиынтық бағалауға қойылатын талаптарды толық орындау;

-          1-11 сынып жетекшілеріне - Электрондық журналды толтыру жұмысын жүйелі жүргізу;

-          1-11 сынып жетекшілеріне - «Мәңгілік ел» құндылықтарын жүзеге асыру жұмысын жалғастыру;

-          Директордың орынбасарлары мен пән мұғалімдеріне - Оқу мен оқыту сапасын арттыру мақсатында  мұғалімдер мен оқушылардың ұсынысын ескере отырып мектептің даму жоспарына  өзгерістер енгізу жұмысын жалғастыру;

-          Барлық пән мұғалімдеріне – «Білім беру мазмұнын жаңарту» курсына қатысу.

-          Мектеп тренерлеріне – критериалды бағалау мен іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді жүргізу бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету;

-          Мектеп психологтарына - Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылармен жүргізілетін психологиялық ағартушылық жұмыстар мазмұнын толықтыру;

-          Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына – оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, бөлінген көшбасшылықпен жұмыс істеуді оқушылар бойында ұтымды қалыптастыру, Қамқоршылық кеңесінің жұмысын  күшейту;

-           Қосымша білім беруді дамыту:  жаңа үйірмелер ашу (авиамодельдеу), өнер мектебінің филиалын ашу;

-          «Жасыл ел» бағдарламасының жұмысын жүйелі жалғастыру;

-           Мұражай жұмысын жандандыру, Райымбек батыр атындағы мұражайды қалалық байқауға әзірлеу;

-          Кадет сыныбының санын арттыру (екі сынып ашу);

-          Сынып жетекшілеріне – оқушыларға жасалатын екпеге алдын ата-аналардың келісімін алуды қатаң бақылау;

-          Кітапхана меңгерушісіне – мұғалімдердің кітапханамен байланыс жұмысының мониторингін жүргізуді жалғастыру;

-          Бас есепшіге – STEM – және ғарыштық (ZERTIS School-аэро, гидропоника)  лабораторияларын жабдықтау бойынша жұмыс жүргізу;

-          Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарына – мұғалімдерді канцтауарлармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру.

 

  • Мектеп миссиясы: Сапалы білім  беру арқылы бәсекеге қабілетті, өмір бойы білім алуға дайын, өзінің іс-әрекетіне жауапкершілік сезімі қалыптасқан, елінің патриоты болатын тұлға тәрбиелеу.
  • Пайымы: «Табысты мектеп» болу бағытында жұмыс жүргізіледі, мектеп физика-техника бағытындағы лицейге айналады.


      Жұмыс бағыттары:

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

04.09.2019

Подробнее

Сұрақ-жауап